Нұрбек Оралбай алғаш рет Азия чемпионы атанды
Бұған дейін Нұрбек Оралбай Азия чемпионатында тек қола медаль алған еді.
olympic.kz
Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионатының финалдық кезеңінде 85 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Нұрбек Оралбай финалда Өзбекстан өкілі Жасурбек Юлдошевпен кездесті.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы айқын басымдық танытып, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Бүгін финалдық бәсекелерде Қазақстан құрамасының өзге де боксшылары жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, 60 келі салмақта Оразбек Асылқұлов пен 75 келіде Сабыржан Аққалықов алтын медаль жеңіп алды. Ал 70 келі салмақта өнер көрсеткен Төрехан Сабырхан финалда қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, финалдық кезеңде Қазақстан құрамасынан соңғы болып Айбек Оралбай (+90 кг) өнер көрсетеді.