Қазақстандық самбошы әлем кубогының кезеңінде топ жарды

Арнұр Қуатай турнирде барлық қарсыластарын тізе бүктіріп, алтыннан алқа тақты.

Қазақстандық самбошы әлем кубогының кезеңінде топ жарды Kazakhstan sambo federation

Ереванда өтіп жатқан спорттық және жауынгерлік самбодан Әлем кубогы Қазақстан құрамасы үшін сәтті басталды. Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша отандық спортшылар 13 медаль жеңіп алды - 1 алтын, 4 күміс және 8 қола.

Команда қоржынына жалғыз алтын жүлдені Арнұр Қуатай салды. Ол 71 келіге дейінгі салмақта спорттық самбодан қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, турнир чемпионы атанды.

Айта кетейік, Арнұр Қуатай 2023 жылы Ереванда және 2024 жылы Астанада өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері. 
Бұл жарыс маусымдағы алғашқы рейтингтік турнир. Бүгін қалған салмақ дәрежелерінде жүлдегерлер анықталып, жарыс өз мәресіне жетпек. 

Telegram
Самое интересное из мира спорта в нашем Telegram-канале Insports.kz
Подписаться