Милад Карими Хорватиядағы әлем кубогында күміс жүлде иеленді

Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогының бесінші кезеңі аяқталды.

Милад Карими Хорватиядағы әлем кубогында күміс жүлде иеленді olympic.kz

Халықаралық додада Қазақстан құрамасының спортшысы Милад Карими жоғары нәтиже көрсетіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Керме жаттығуының финалында өнер көрсеткен отандасымыз 14.933 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады. Бұл сында бірінші орынды Тайпей өкілі Танг Чиа-Хун (15.233 ұпай) иеленсе, қола жүлде колумбиялық Анхель Барахасқа (14.833 ұпай) бұйырды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұл жарысты табысты аяқтады. Күні кеше тұтқалы ат снарядындағы финалда Зейнолла Ыдрысов күміс медаль жеңіп алса, Нариман Курбанов қола жүлдеге ие болды.

Осылайша, ұлттық құрама Осиектегі әлем кубогының кезеңінде 2 күміс және 1 қола медальға қол жеткізді. 

Telegram
Самое интересное из мира спорта в нашем Telegram-канале Insports.kz
Подписаться