19 жастағы Едіге Қасымбек ересектер арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Едіге Қасымбек азулы қарсыласынан айласын асырды.

19 жастағы Едіге Қасымбек ересектер арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды Біріккен күрес одағы

6-сәуір күні Бішкек қаласында басталған еркін күрестен Азия чемпионаты бүгін өз мәресіне жетті. Құрлықтық додада Қазақстан құрамасы сапында сынға түскен 19 жастағы Едіге Қасымбек алғаш рет ересектер арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді.
125 келіге дейінгі аса ауыр салмақта белдескен жас қазақстандық балуан Қытай спортшысы Бухэердунмен кездесті. Қос қарсылас арасындағы тартыс жоғары қарқында өтіп, әр сәті шиеленіске толы болды. Алғашқы кезеңде 8:6 есебі тіркелсе, шешуші минуттарда да күрес тең дәрежеде жалғасты. Нәтижесінде, Едіге 8:7 есебімен жеңіске жетті. 

Бішкектегі Азия чемпионатында қазақстандық еркін күрес шеберлері жалпы есепте 2 қола медаль жеңіп алып, жарысты табысты аяқтады. Бұған дейін жүлдегерлер қатарынан Азамат Дәулетбеков те көрінген еді.

Telegram
Самое интересное из мира спорта в нашем Telegram-канале Insports.kz
Подписаться