«Астана» футбол клубы инвесторлар туралы қауесетті жоққа шығарды

Елордалық ұжым әзірге жекеменшікке өткен жоқ.

«Астана» футбол клубы инвесторлар туралы қауесетті жоққа шығарды kazfootball

«Астана» ФК ресми мәлімдеме жасап, соңғы уақытта ақпарат көздерінде тараған қауесеттерге түсініктеме берді. Клуб өкілдерінің айтуынша, ВД Строй-Инжиниринг компаниясымен келіссөздер жүргізіліп жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Астана» футбол клубы бірқатар ақпарат көздерінде таралған «ВД Строй-Инжиниринг» компаниясымен келіссөздер жүргізіліп жатыр деген мәліметтің шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеді.

Клуб аталған компаниямен сату немесе басқаруға беру мәселелері бойынша ешқандай келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ. Сонымен қатар, қазіргі уақытта қандай да бір әлеуетті инвесторлар тарапынан аудиторлық тексеріс жүргізіліп жатқан жоқ, - делінген клубтың ресми мәлімдемесінде. 

Айта кетейік, соңғы уақытта қазақстандық футболда инвестициялық өзгерістер туралы ақпарат жиі таралуда. 

Telegram
Самое интересное из мира спорта в нашем Telegram-канале Insports.kz
Подписаться