Бибісара Асаубаева Үміткерлер турнирінде көш бастады

Үміткерлер турнирінің жеңімпазы шахматтағы ең басты жүлде - әлем чемпиондығы атағы үшін қазіргі чемпион, қытайлық Цзюй Вэньцзюньмен кездесуге мүмкіндік алады.

Бибісара Асаубаева Үміткерлер турнирінде көш бастады KazChess

28 наурыз-16 сәуір аралығында Кипрдің Пафос қаласында өтіп жатқан Үміткерлер турнирінің 13-турында қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева маңызды жеңіске қол жеткізді.

Бибісара шешуші кездесуде өзінің басты қарсыластарының бірі украиналық Анна Музычукті тізе бүктірді. Бұл жеңіс Асаубаеваға турнир кестесінде айтарлықтай алға жылжуға мүмкіндік берді.

Осы нәтижеден кейін қазақстандық шахматшының турнир көшбасшысы, үндістандық Рамешбабу Вайшалимен ұпай санын теңесті. Қос спортшының еншісінде 7,5 ұпайдан бар. Енді жарыстың тағдыры соңғы, 14-турда шешіледі.

Шешуші партияда Бибісара Асаубаева үндістандық тағы бір мықты қарсылас - Дивья Дешмухке қарсы ойнайды. Бұл кездесу турнирдің жеңімпазын анықтауы мүмкін. 

Telegram
Самое интересное из мира спорта в нашем Telegram-канале Insports.kz
Подписаться