«Атлетико» Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты

Лукман соққан жалғыз гол жартылай финалдық жолдаманың тағдырын шешті.

«Атлетико» Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты championat

14-сәуірден 15-сәуірге қараған түні Чемпиондар лигасының 1/4 финалында мадридтік «Атлетико» өз алаңында «Барселонадан» 1:2 есебімен жеңілгеніне қарамастан, екі ойын қорытындысы бойынша (3:2) жартылай финалға жолдама алды. Кездесудің тағдырын шешкен сәттердің бірі Адемола Лукманның голы болды.

Ойын өте қарқынды басталды. Алғашқы минутта-ақ Ламин Ямаль қауіпті соққы жасап, қақпашы Хуан Муссоны әбден әбігерге салды. Ал 4-минутта Ямаль есеп ашты. 24 минутта Ферран Торрес есепті еселей түсті. 

Алайда бірінші таймның ортасында мадридтік клуб жауап қатты. 31-минутта Адемола Лукман Маркос Льорентенің тамаша пасын сәтті аяқтап, «Атлетиконы» қайтадан екі матч қорытындысы бойынша алға шығарды.

Екінші таймда Диего Симеоне шәкірттері қорғанысқа басымдық беріп, нәтижені сақтауға тырысты. «Барселона» шабуылды үдеткенімен, мадридтіктердің қорғанысын бұза алмады. 55-минутта Ферран Торрестің голы офсайдқа байланысты есепке алынбады.

80-минутта Эрик Гарсияның алаңнан қуылуы каталондықтардың жеңіске мүмкіндігін одан әрі азайтты. Соған қарамастан, матчтың соңында Рональд Араухо баспен қауіпті соққы жасап, есепті теңестіруге біртабан жақын болды.

Дегенмен, «Атлетико» маңызды нәтижені сақтап, турнирдің жартылай финалына өтті.

Telegram
Самое интересное из мира спорта в нашем Telegram-канале Insports.kz
Подписаться